Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Іле Алатауы

іле алатауы
 Қазақстан  Қырғызстан

Тау жүйесі

Тянь-Шань

Пайда болған кезеңі

Кембрий, төменгі палеозой

Ұзындығы

350 км

Ені

30-40 км

Ең биік шыңы

Талғар шыңы

Биіктігі

4973 м

Іле Алатауы Іле Алатауы

Іле Алатауы, Алматы Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер бедері
  • 3 Геологиялық құрылымы
  • 4 Климаты, климаттық белдеулері
  • 5 Дереккөздер

Географиялық орны

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км.

Жер бедері

Іле Алатауының ең биік жері - Талғар шыңы

Қаскелең мен Түрген өзендерінің аралығындағы орталық бөлігі биік. Мұнда гляциалдық-альпілік жер бедері – қырлы жалдар, сүйір шыңдар, қия жартастар, қарлар таралған. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да осында шоғырланған. Шілік және Кемін өзендерінің бастауында Іле Алатауы Күнгей Алатауына жақындап, Шілік-Кемін тау түйінін құрайды. Орталық биік бөлігінен батыс және шығысқа қарай жота біртіндеп аласарады. Жотаның шығыс бөлігі ұзына бойғы аңғарлармен бір-біріне жарыса созылып кететін Бақай, Сарытау, Сөгеті, Бұғыты, Торайғыр тау тізбектеріне бөлшектелінеді. Батыста беті тегістеу келген Қастек, Кіндіктас аласа тауларына өтеді. Іле Алатауының оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген. Солтүстік беткейі біршама көлбеу. Орта таулы өңірден төменде тау алдының адырлары айқын байқалады.

Геологиялық құрылымы

Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас және тақтатастарынан түзілген. Каледон тау түзілімінде пайда болған жота силурден бастап ұзақ уақыт денудацияға ұшырап, аласарған. Неоген мен антропогендегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде денудациялық жазықтар мен ұсақ шоқылардың орнына биік таулы жер бедері түзілген. Тектоникалық қозғалыстар қазірге дейін жалғасуда. Плейстоценде бірнеше қайтара мұз басуға ұшыраған.

Климаты, климаттық белдеулері

Климат жағдайлары биіктік белдеміне сәйкес. Шілденің орташа темпаратурасы тау етегіндегі аңғарларда 20 – 25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі. Қаңтардың орташа температурасы етегінде –6 – 8°С. Температуралық инверсияға байланысты 1500 – 1600 м биіктікке дейін біршама жоғарылайды да одан әрі қайтадан төмендейді. Жылдық жауын-шашын тауалды өңірінде 500 – 600 мм-ден биік, таулы белдеуде 800 – 900 мм дейін. Іле Алатауыда жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Ең ірісі – Корженевский мұздығының ұзындығы 4,7 км. Өзендері Іле мен Шудың алабына жатады. Олардың суға молығуында мұздық пен қар суы негізгі орын алады. Табиғат белдеулері солт. беткейінде толық көрінеді. Шөлейт, қуаң дала, әр түрлі шөпті, бұталы, орманды-шалғынды дала, субальпі және альпі белдеулері айқын жіктелген. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Солтүстік бөктерінде – Алматы қаласы орналасқан. Кіші Алматы өзені аңғарында селге қарсы бөгет салынған.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том

іле алатауы


Іле Алатауы Туралы Ақпарат

Іле Алатауы


  • user icon

    Іле Алатауы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Іле Алатауы
Іле Алатауы
Іле Алатауы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Іле Алатауы бұл, Іле Алатауы кім, Іле Алатауы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна Светлова Туған күні: 4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері: Мәскеу Азаматтығы: Азама
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.