Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов



Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы
Дүниеге келгені: 07.03.1946
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Ащысай ауылы
Мансабы: жазушы, кинорежиссер

Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы (1946) – жазушы, кинорежиссер. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография интернатын (1969 жылы ), ал 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етіп, балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды. Нарымбетов бұдан кейін “Құрманғазы” атты деректі фильмін (1972 жылы), “Зауал” (1981 жылы) мен “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмін, сондай-ақ “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы), “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы), “Көзімнің қарасы”, “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция,Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа), “Омпа” (1998 жылы), тағы басқа көркем фильмдерді қойды. “Тентек” (1968 жылы), “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (1996 жылы). “Құрмет” орденімен марапатталған.[1]

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.

2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).

КСРО, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), Франция киноакадемиясының Жорж Сэдуль сыйлығының (1996) лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған (1996). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Діни көзқарасы - діндар (ұстамды).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».

Жұбайы - Ізмағанбетова Ізтөле, марқұм, драматург, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильмдер бірлестігінің жетекшісі болған.Ұлдары - Нарымбетов Асқар-Мұхит (1968 жылы туған), кинорежиссер; Нарымбетов Ескендір (1977 жылы туған), кинооператор.[2]

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов Туралы Ақпарат


Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов

Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов Туралы Видео


Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов Сіз қарап жатырсыз.
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов дегеніміз не, Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов кім, Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail