Сатыбалдиев


Сатыбалдиев Ерлан Әбенұлы (13.6.1953 жылы туған, Алматы) –баспагер. Мәскеудегі М.Горький атындағы институтты бітірген (1975). Еңбек жолын 1975 – 79 жылдары “Жазушы” баспасында редактор қызметінен бастады. 1979 – 90 жылдары “Жалын” баспасында редакция меңгерушісі, 1990 – 92 жылдары Кеңес-Югославия біріккен баспа және полиграфия ісі бойынша “Интербук” кәсіпорнының Алматыдағы бөлімшесінің директоры, 1993 – 95 жылдары “Интербук-Қазақстан” ЖШС-нің директоры болды. 1995 – 96 жылдары “Өнер” баспасының директоры, 1996 – 2001 жылдары республикалық “Қазақ теледидары және радио” корпорациясының президенті қызметін атқарды. 2001 жылдан “Мектеп” баспасының бас директоры. Сатыбалдиев Т.Нұрмағанбетовтың “Қош бол, ата”, О.Сәрсенбаевтың “Адамдар өз бақытын іздейді”, С.Нарымбетовтың “Атлантида – қайғы-мұңым менің”, Б.Соқпақбаевтың “Чемпион”, С.Елубаевтың “Асау аттың серті”. Қазақ халқының “Ер Тарғын” эпосын, С.Бердіқұловтың “Жарыс”, “Қазақ халық ертегілерін”, т.б. көптеген кітаптарды орыс тіліне аударды. Сатыбалдиевтің аударған “Ежелгі күнтізбе” және “Қазақтың киіз үйі” атты кітаптары Германияда басылып шықты. “Баспа және полиграфия ісінің қайраткері” (2003) құрмет белгісімен марапатталған. [1]

Сілтемелер

  • Баспа және полиграфия ісінің қайраткері
  • Интербук-Қазақстан
  • Жалын

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том




Сатыбалдиев Туралы Ақпарат

Сатыбалдиев

Сатыбалдиев
Сатыбалдиев

Сатыбалдиев Туралы Видео


Сатыбалдиев Сіз қарап жатырсыз.
Сатыбалдиев дегеніміз не, Сатыбалдиев кім, Сатыбалдиев сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Сатыбалдиев
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail