Сасық меңдуана


9 түрі белгілі

Сасық меңдуана[1] (лат. Datura) – алқалар тұқымдасына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар.

Мазмұны

  • 1 Сипаты
  • 2 Емдік қасиеті
  • 3 Сақтық шаралары
  • 4 Тағы қараңыз
  • 5 Дереккөздер

Сипаты

  • Биіктігі 1 метрден асады.
  • Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі.
  • Жапырақтарының ұштары сүйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан.
  • Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Шілде, тамыз айлары аралығында гүлдейді.
  • Ұрығы - ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Жемісі піскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі.

Қазақстанның барлық аймақтарында (тек таулы жерлерде өспейді) кездесетін 1 түрі — кәдімгі Сасық меңдуана (D. stramonіum). Ол үй маңында, бақшада, кейде қоқысты жерлерде топтанып өседі.

Емдік қасиеті

Сасық меңдуана — дәрілік өсімдік, оның құрамында гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары, эфир майы (0,04%), каротин (0,1%), илік заттар (0,7%) болады. Тұқымында 45%-дай линол глицериді, 40%-дай олеин, 20% стеарин бар. Сасық меңдуананың емдік қасиеті көне заманнан белгілі. Дәрілік мақсатқа өсімдік гүлдеген кезде жапырақтарын жинап алып кептіреді.
Медицинада Сасық меңдуанадан алынған препаратты өкпе демікпесі, тыныс алу жүйесі, теңіз және биіктікке байланысты ауруларға қарсы пайдаланады.
Халық медицинасында буын ауруларын, невралгияны, жүйке ауруларын емдеу үшін қолданылады[2].

Сақтық шаралары

Өсімдік өте улы. Уланған адамның беті қызарады, көз қарашығы үлкейеді. Кісі тынышсызданады, көзіне әр түрлі нәрселер көрінгендей болады, бірте-бірте есінен айрылады. Сондықтан сасық меңдуанадан жасалған дәрілерді тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдалану қажет.

Тағы қараңыз

  • Дәрілік өсімдіктер

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том


Сасық меңдуана Туралы Ақпарат


Сасық меңдуана
Сасық меңдуана
Сасық меңдуана Сіз қарап жатырсыз.
Сасық меңдуана дегеніміз не, Сасық меңдуана кім, Сасық меңдуана сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Сасық меңдуана
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail