Сасыққурай


16 түрі белгілі

Сасыққурай[1] (лат. Dorema) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін эфемероидты (вегетац. мерзімі қысқа) өсімдіктер. Қазақстанда шөл және шөлейтті, аласа тау беткейлеріндегі қорымтасты жерлерде, әсіресе Қаратаудың солт.-шығ-ндағы сілемдерінде өсетін 2 түрі: Қаратау сасыққурайы (D. karatavіense) және құмдық сасыққурай (D. sabulosum) бар. Бұлардың биікт. 1 м-дей. Тамырлары жуан, тамыр мойнын қураған жапырақтар жауып жатады. Сабақтары да жуан, қалың түк жапқан, жоғ. жағы (ұшына жақындаған сайын) бұтақталып келеді. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жылтыр, астыңғы жағына қарай түкті келеді. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарады. Гүлдері өте ұсақ, қос жынысты, ақ немесе сары түсті, олар шатыр гүлшоғырына топталған. Әр гүлшоғырында 15-ке дейін гүлдері болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — түкті, эллипс пішінді, ілмешекті қос тұқымша. Ілмешек деп аталуы — қосақтасқан құрғақ жемістері сырға тәрізді ілініп, төмен қарай салбырап тұрады. Қаратау Сасыққурайы — өте сирек кездесетін эндемикті өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2] [3]

Дереккөздер

  1. ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  3. ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007


Сасыққурай Туралы Ақпарат


Сасыққурай
Сасыққурай
Сасыққурай Сіз қарап жатырсыз.
Сасыққурай дегеніміз не, Сасыққурай кім, Сасыққурай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Сасыққурай
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail