Сасыр


Сасыр (Ferula) — шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық монокарпты және поликарпты шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның далалық, шөлді және таулы аймақтарында өсетін 48 түрі кездеседі, оның 20-сы — эндемиктер. Бұлардың биіктігі 30 — 90 см, кейде 2 м-дей болады. Сабағы жуан, жапырағы қауырсын тәрізді, шеті тілімденген. Гүлі ұсақ, сары, ақшыл сары түсті, қос жынысты, шатырша гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Тұқымы — дәнек. Көпшілік түрлерінің, мыс., сасық С. (F. foetіda), шайыр С-дың (F. schaіr немесе F. Varіa) құрамында шайыр көп. Эфир, камедь (жеміс ағаштары зақымданғанда қабығынан бөлінетін, тез қатып қалатын қоймалжың шырыш) түзетін өсімдіктер, сондықтан оларды дәрі жасау үшін қолданады, жемшөпке қосып, малға береді. Сүмбіл С-дың (F. moschata) тұқымының құрамында жұпар иіс шығаратын эфир майы болады, оны парфюмериялық өнімдер жасауда пайдаланады. Кейбір түрінің тамыры крахмалға бай, оны тағамға қосады. Сасырдың ірі жапырақтары құнарлы мал азығы болып саналады. 7 түрі: ақжолақ сасыр, тегіс Сасыр (F. glaberrіma), Іле Сасыр (F. іlіensіs), ксероморфты Сасыр (F. xeromorpha), орамалы Сасыр (F. іnvolucrata), Сөгеті Сасыры (F. sugatensіs) және Тауқұм Сасыры (F. taucumіca) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Тағы қараңыз

Асафетида

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том


Сасыр Туралы Ақпарат

Сасыр

Сасыр
Сасыр

Сасыр Туралы Видео


Сасыр Сіз қарап жатырсыз.
Сасыр дегеніміз не, Сасыр кім, Сасыр сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Сасыр
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail