Састөбе



Састөбе, Саз төбе – Түлкібас ауданындағы кент, кенттік округ орталығы, темір жол станциясы. Аудан орталық – Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 7,5 км жерде орналасқан. Тұрғыны 5,5 мың адам (2003). 20 ғасырдың басынан 1930 жылға дейін "Жыланды ауылы" аталып келді. 1917 жылдан ақ балшық өндіріледі. 1932 – 33 жылдары екі әк күйдіру пеші бар «Жұмыскер» артелі құрылды. 1937 жылдары «Састөбе цемент завотын салу туралы» қаулы қабылданып, 1952 жылдары іске қосылды. Цемент, әк, сульфаттық портландцемент, түсті цемент өнімдерін шығарды. Оның негізінде 1992 – 2000 жылдары цемент завоты «Састөбецемент» АҚ болып құрылды. Қазір цемент, әк шығаратын түрік фирмасы жұмыс істейді. Састөбеде және округке қарасты Ынтымақ, Қызылту ауылдарында «Аманат-Инвест-Су» ЖШС, «Эль-К» филиалы, «Мұнай өнімдері» ЖШС, «Қызылжар» ЖШС, «Қызылту» ӨК құрылды. 2 орта мектеп, музыка мектебі, 2 мәдениет үйі, аурухана, емхана, 3 мешіт, қонақ үй, стадион, саябақ, т.б. мекемелер бар.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"




Састөбе Туралы Ақпарат


Састөбе
Састөбе

Састөбе Туралы Видео


Састөбе Сіз қарап жатырсыз.
Састөбе дегеніміз не, Састөбе кім, Састөбе сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Youtube Facebook Twitter
Састөбе
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде
mail